Біліп жүріңдер иглз😊❤👐
•Leader (лидер)-топтағы ең үлкен және бәріне қамқор мүшесі.
•Magnae (макнэ)-топтағы ең кішкентай мембер
•Идол (айдол)- k-pop әлеміндегі танымал адамдарға айтылатын термин
•Member (мембер)-топтың мүшесі,қатысушысы.
•Trainee (трэйни-стажер)-компанияның болашақта айдол болуға дайындап жатқан адамы
•Дебют-әртістің ең алғаш рет сахнада өнер көрсетуі
•Камбэк-әртістің өнердегі демалысынан кейінгі жаңа әндерімен сахнаға қайтып оралуы
•Q-pop Fandom (фэндом, фендом, фандом)-белгілі топқа қызығушылығы бар, адамдар тобын айтады. (Eaglez, Renzik, Ravens, Royals,Lunatic т.б)
•Q-pop Фанфик-табынушылардың сүйікті айдолы немесе тобы туралы жазған шығармашылық жұмысы.
•Фансервис -айдолдардың фанаттарына ұнайтын нәрселерді жасау.(Мысалы:бір-бірімен қол алысу,құшақтау,жүрек көрсету)
•Sasaeng фанаттар-оларды із-кезуші деп атауға да болады.Олар тек қана айдолдарының ізінен аңдымайды,тіпті одан да жаман нәрселер істеп шектен шығып кетуі мүмкін.
•SELCA сэлка -айдолдардың өз-өздерін суретке түсіріп жібергенде қолданылатын термин
•4D- көп сөйлемейтін, көбінесе өзінің жеке әлемінде жүретін адамдардың лақап аты
•Мини-альбом немесе «EP»-синглға қарағанда ішінде әндер көбірек,ал альбомға қарағанда азырақ ән болады.Ереже бойынша 5-7 ән
•Ulzzang-кәріс тілінен аударған мағынасын "best face" деп айтуға болады.Көбінесе бет-әлпеті ерекше әдемі келген адамдарды айтады.Бірақ уақыт өте келе өзінің әдемілігімен танымал болғандарды солай атайды